Отандасымыздың еншісінде кемі қола медаль бар
Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Төрешілер есебі 5-0. Демек, отандасымыздың еншісінде кемі қола медаль бар.
Енді Нұрбек жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Мурад Еуропа ойындарының қола жүлдегері атанған.