Алайда өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін емес
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PDU-ға (Paris Boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ге сілтеме жасап.
«Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нетижемен келіспейміз және ПБУ-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.
Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.
Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың екпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты ПБУ-ға эскерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіп жатыр.