02.08.2024, 08:00
Жаңалықтар
Ақмола облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлерге жұмыс ақысын төлемеген
Аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды
Фото: Azattyq Rýhy
Астрахан ауданының прокуратурасы ауданның мемлекеттік мекемесінде 92 қызметкер алдында жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге жұмыс ақысы үшін берешек қалыптасқанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Сонымен қоса 31 қызметкерге 3,3 млн теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлемдер төленбеген.
«Қадағалау ақтісі бойынша қарыздар толық көлемде өтелді, мемлекеттік мекеменің басшысы және әкімнің орынбасары жауапкершілікке тартылды. Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды