$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты шағым түсірді

Алайда өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін емес

Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты шағым түсірді
Фото: ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PDU-ға (Paris Boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ге сілтеме жасап.

«Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нетижемен келіспейміз және ПБУ-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.

Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.

Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың екпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты ПБУ-ға эскерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары