Қазақстанда дәрігерлер 965 адамды коронавирустан емдеді ⠀

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін сағат 15:30-ға дейін елімізде жалпы 965 адам үйлеріне шықты

Коронавирус жұқтырған тағы 25 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде: Алматы қаласында – 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Атырау облысында – 1, Қарағанды облысында - 1 адам. Бүгін сағат 15:30 дейін елімізде жалпы 965 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 254,
Алматы қаласында – 149,
Қызылорда облысында – 127,
Ақмола облысында – 75,
Атырау облысында - 71,
Қарағанды облысында - 68,
Жамбыл облысында -47,
Шымкент қаласында – 37,
Солтүстік Қазақстан облысында – 27,

Түркістан облысында – 45,
Ақтөбе облысы – 16,
Алматы облысында - 14,
Батыс-Қазақстан облысында -10,
Шығыс Қазақстан облысында - 8,
Маңғыстау облысында -9,
Павлодар облысында- 5,
Қостанай облысында -3 адам.