Ақмола облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлерге жұмыс ақысын төлемеген

Автор: Azattyq Rýhy

 

Аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды

Фото: Azattyq Rýhy

Астрахан ауданының прокуратурасы ауданның мемлекеттік мекемесінде 92 қызметкер алдында жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге жұмыс ақысы үшін берешек қалыптасқанын анықтады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Сонымен қоса 31 қызметкерге 3,3 млн теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлемдер төленбеген.

«Қадағалау ақтісі бойынша қарыздар толық көлемде өтелді, мемлекеттік мекеменің басшысы және әкімнің орынбасары  жауапкершілікке тартылды. Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.