Париж-2024: Милад Карими жеңіліс тапты
Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карим Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ге сілтеме жасап.
Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Қазақстандық гимнаст Милад Карими жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:
Еркін жаттығу - 13.433
Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533
Шығыршықтағы жаттығу - 12.933
Қол тіреп секіру - 14.400
Қоссырықтағы жаттығу - 14.066
Көрмелері жаттығу - 12.700.
Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі. Ал оның командаласы Нариман Курбанов 4 тамыз күні тұтқалы ат жаттығуында өнер көрсетеді.