Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді
2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.
«Салдарынан облыстық маңызы бар Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары басталды. Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Мырзакент пен Атакен елдімекендерінің ара қашықтығы - 35 км. Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар,Фердоуси елдімекенінде 314 үй, 2377 адам тұрады, Жантақсай елдімекенінде 95 үй, 700 тұрғын бар;», - делінген хабарламада.
Апатты-құтқару жұмыстарына:
Айта кетейік, кеше Мақтааралмен шекаралас жатқан Өзбекстанның Сырдария облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:55-те Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды. Сардоба су қоймасының құрылысы 2010 жылы басталып, 2017 жылы аяқталған. Оған 922 млн текше метр су сыяды.