$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2020, 09:04
Жаңалықтар

Сенбі күні кей облыстарда қатты дауыл күтіледі

2 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Сенбі күні кей облыстарда қатты дауыл күтіледі

2 мамырда  Қазақстанның бірнеше облысында дуылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Шымкентте 2 мамырда күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтідеді. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа  ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістанда 2 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа  ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз 2 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 2 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанайда күндіз 2 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетауда 2 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

2 мамырда Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #дауыл