«Ертіс Орманы»: 153 млн теңгені жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты ұсыныстар айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Антикордың ұсыныстары Экология министрлігінде қаралды 

 

Фото: lmn.in.ua

26 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің хабарлауынша, ұсыныстар табиғи резерватта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

«Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деп күдіктелуде. Салдарынан мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келтірілді.

Министрлікке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылды. Жұмыс жалғасады», - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, Шарбақты ауданының аумағында «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында технологиялық және отын ағаштары түріндегі іскерлік сүректі заңсыз сату арқылы шамамен 153 млн теңге сомаға орман ұрлаған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды