Тамыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаздың соңғы айында бір мемлекеттік мереке бар

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін тойлайды. Бұл мемлекеттік мереке 30 тамызға белгіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Конституция күні – басты мемлекеттік мерекенің бірі. Бұл күні ел 1995 жылы мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін анықтайтын негізгі заңның қабылдануын атап өтеді. 2024 жылы Конституция күні жұмаға түседі, сәйкесінше, бұл күн демалыс болып саналады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Жалпы, сенбі-жексенбі күндерін есепке алғанда (1 қыркүйекпен бірге) 11 күн демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамыз демалыс, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс болады. Жалпы, бұл айда 6 күн демалады.

Тамыз айында басқа да мерекелер бар:

4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;

10 тамыз – Абай күні;

11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;

18 тамыз – Шекарашылар күні;

25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні;

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.