30.07.2024, 01:17
Жаңалықтар
Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарымен қоштасты
Шешуші сәтте төрешілер жеңісті испаниялық боксшыға берді
Фото: Olympic.kz
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді.
Алғашқы раундта Қамшыбек 3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті.
Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды