Ширек финал 1 тамыз күні өтеді
Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 63 келі салмақта өнер көрсеткен отандық боксшымыз Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын.
Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.