Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол франциялық Валид Хиярдан басым түсті

Фото: Olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Дзюдодан қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

66 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда татами иесі, франциялық Валид Хиярдан басым түсті.

Кездесу барысында шидо саны бойынша жеңіліп жатқан Қырғызбаев белдесу соңына қарай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалында белдеседі.

Айта кетейік, ширек финалда отандасымыз Олимпиаданың басты фаворитін жеңген болатын.