«Жұрттың айтқан сөзіне құлақ асып, тыңдай берме»: Головкин Сметовке ағалық ақылын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған

Фото: Olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кеше ғана Париж Олимпиадасының чемпионы болған Елдос Сметовке ағалық ақылын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұрттың айтқан сөзіне құлақ асып, тыңдай берме. Сен туралы әлі көп адам жақсы сөздер айтады. Оны өзімнен білемін. Ал соңында жалғыз қаласың, отбасыңнан басқа ешкімге керек болмай қаласың. Содан кейін менің орныма отыруыңа тура келеді», – деді Головкин Сметовке.

Дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған.