Димаштың «Singer» байқауында айтқан сөзі дауға ұласты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның сөзі көрермендерге естіліп қалды

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайда «Singer 2024» ән байқауының финалы кезінде айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Димаштың екінші кезеңде канадалық әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрермендерге естіліп қалған.

Олардың айтуынша, Сенің алдыңда қытай әншісі болуы керек (They said, It must be Chinese before you)», – деген еді Димаш аруға.

Байқау қорытындысы бойынша қытайлық На Ин жеңімпаз атанды. Ал канадалық әнші жеңімпаздар қатарына кіре алмады.