Ол испаниялық боксшымен жұдырықтасты
Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олимпиаданың алғашқы күні шаршы алаңға алғаш болып Мұхамедсабыр Базарбайұлы шықты.
63,5 келіде сынға түскен отандасымыз бірінші айналымда испаниялық Ойер Ибареччамен кездесті. Мұхамедсабыр 5:0 есебімен басыс түсті.
Отандасымыз осылайша 1/8 финалға өтті.