Алматыда үш жасар бүлдіршін 13-қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 27 шілде күні «Арай» тұрғын үй кешенінде болды

Фото: depositphotos.com

Алматыда үш жасар бала 13-қабаттың терезесінен құлап кетті. Салдарынан нәресте алған жарақатынан тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 27 шілде күні «Арай» тұрғын үй кешенінде болды.

«Осы факті бойынша Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Трагедияның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.