«Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды»: Қайрат Нұртастың анасы келіндерінің кемшілігі туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Өз сөзінде ол келіндерімен қарым-қатынас кезінде жіберген кемшіліктері туралы айтты

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірі, келіндері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өз сөзінде ол келіндерімен қарым-қатынас кезінде жіберген кемшіліктері туралы айтып, бала күнгі арманы туралы айтты.

«Ауылдағы келіндерді қарасаң, таң атпай тұрады, отынға дейін жарады. Ата-енесінің суын, шайын дайындап жатады ғой. Ал біз ұйықтап алсыншы, жата тұрсыншы, кешке қыдырса барып келсінші деп тұрамыз. Көп жұмсалған келін әр нәрсенің қадірін біледі. Жұмсамай жағдай жасай беріп, сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды. Көзім жеткені сол. Қиналмасын деп, әрбір келінге көмекші аламыз, алғысы келгенін алып, жетпей жатқанын жеткіземіз. Бала-шаға, немерелердің киімдерін де бірден аламыз. Сол негізі дұрыс емес екен. Қиналғанның не екенін, ештеңенің қадірін білмейді. Қадірін білдірткен дұрыс, бірақ, оған жүрегім шыдамайды.

Санасына берсін, ата-енеміз барын жасап жатыр, жасаған жақсылығына лайық болайық десе жақсы. Оны көбінесе аналары айту керек қой», - деді продюсер Гүлзира Айдарбекова.