Атырауда субұрқақта үш жасар бүлдіршін қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 26 шілде күні болды

Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырауда Әйтеке би көшесінде орналасқан субұрқақта үш жасар бала қаза тапты. Оның аяғын құрылымның ішіндегі дөңгелек сорғы тартып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Atyrau online Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында Әйтеке көшесінде болды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.