Министрлер кабинеті басшысының міндетін бірінші вице-премьер атқарады
Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Коронавирусқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсеткені жаңа ғана белгілі болды», - деді ол Ресей Президенті Владимир Путинге видеобайланыс арқылы.
Мишустин өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты уақытша министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.