Астанадағы Момышұлы даңғылы бірнеше күнге жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

27-29 шілде аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі, сондай-ақ Б. Момышұлы даңғылындағы жол учаскелері толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәлімдеуінше, аталған учаскелерде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізіледі.

Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілдеде (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарланып отыр. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.