Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі аталған сауда орнын тексерді, нәтижесінде жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген хабаламада.
Тексеру жұмыстары «Максима» сауда орталығында жүргізілді7