Париж олимпиадасы: ашылу салтанатынан тікелей трансляция өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан уақыты бойынша тікелей эфир сағат 22:30-да басталады

Фото: x.com/Paris2024

Бүгін Парижде жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты – спортшылар шеруі өтеді. Бір ерекшелігі, оны стадионда емес, Сена өзенінде өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшылардың шеруі үшін әр елге арнайы қайық бөлінген.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, 3000 артист қатысатын шоу болады. Оған әншілер Селин Дион мен Леди Гага қатысады.

Қазақстандықтар жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын Qazaqstan, Qazsport және Хабар, Jibek Joly телеарналары арқылы тамашалай алады. Қазақстан уақыты бойынша тікелей эфир сағат 22:30-да басталады. 

Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шығады.

Париждегі жазғы олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа біздің елден 80-ге жуық спортшы қатысады.