Бұл – «Сырым» өткізу пунктіне қатысты өзгеріс
29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК шекара қызметі көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланғанын хабарлады.
«Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.