Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, Алматы, Өскемен, Риддер,ал түнде Атырау қалаларында ауа сапасы ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.