Атырауда көлік жөндеу орталығында жұмысшы қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Бүгін, 24 шілдеде жекеге тиесілі техникалық жөндеу орталықтарының бірінде 27 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы ПД мәліметінше, жұмысшының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің жұмысшысының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Полиция тергеу жүргізіліп жатқандықтан қайғылы оқиғаның мән-жайына қатысты толық ақпарат берген жоқ.