Оның 36,6 шақырым учаскесін реконструкцияланды
Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының 36,6 шақырым учаскесін реконструкциялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеде жаңа су құбыры арқылы су беріле бастады.
«Биыл 1,4 млн тұрғыны бар 437 елді мекенде ауыз сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 30 жоба іске асырылып жатыр, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Биыл резервтен 90 пайызы тозған Нұра топтық су құбырын жөндеуге 3,1 млрд теңге бөлінді.