Алматы облысында жоғалған 67 жастағы ер адам Ассы үстіртінен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жол бойындағы киіз үйде түнеген

Бейнеден кадр

Алматы облысы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, 1957 жылы туған ер адам Еңбекшіқазақ ауданы Ассы үстіртіне жолға шыққан. Жолда ол көліктен түсіп, жаяу жүруді шешті. Бірақ, жол ұзақ болып шықты. 67 жастағы ер адам жол бойындағы киіз үйде түнеген.

РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.