Алматы зообағында теңбіл бұғылар төлдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы хайуанаттар бағы хабарлады

Фото: instagram.com/almatyzoo

Алматы зообағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Хайуанаттар бағы теңбіл бұғылар екі төл дүниеге әкелгенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бізде қуанышты жаңалық бар! Теңбіл бұғыларда толықтыру – екі төл дүниеге келді! Бұл сүйкімді сәбилер қоршаған әлемді зерттей бастады және белсенділігімен, ойнақылығымен қуантады. Біздің зообаққа келіп, жаңа тұрғындармен танысыңыздар! Олар сіздерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлайтынына сенімдіміз», - делінген хабарламада.