Маңғыстау облысының құтқарушылары көмекке келді
Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 5 адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, олар катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмады.
«Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдай болған кезде «112» нөмеріне хабарласыңыз!» - делінген хабарламада.