Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2024 жылдың 21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

«Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.