Павлодарлықтар қала күніне орай трамваймен тегін қатынай алады

Автор: Azattyq Rýhy

20 шілдеде павлодарлықтар қала күнін атап өтеді

Фото: istockphoto.com

Павлодар тұрғындары қала күніне орай трамваймен тегін қатынай алады. Бұл туралы қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

20 шілдеде қала күнін мерекелеуге байланысты трамвай маршруттарында барлық жолаушы үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 20 шілдеде павлодарлықтар қала күнін атап өтеді. Облыс орталығында бірқатар шара жоспары әзірленген.