Өрт басталған сәтте көлікте үш бала болған
Бүгін Астанада жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, өрт басталған сәтте көлікте үш бала болған. Қуанышқа орай, балаларды жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерді.
«ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.