Ақтөбеде мысықтың құтқарылған сәті көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтөбелік құтқарушылар мысықты құтқарды

Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбеде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қамауда қалып қойған мысықты құтқарды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мысық Ақтөбе қаласының Алматы ауданында орналасқан тұрғын кешенінің жертөлесінде қамалып қалған.

Құтқарушылар мысықты арнайы құралдың көмегімен құтқарып алып шықты.