Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда күшті жел болады. Кей аумақта тұман түсіп, бұрқасын жел күшейеді, бұршақ жаууы да мүмкін», - делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында бұршақ болуы мүмкін.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.