$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нысан 60%-ға дайын: Риддерде көпсалалы медициналық мекеме ашылады

Үкімет басшысы Риддер қаласындағы көпсалалы медициналық мекеме құрылысының қарқынын тексерді

Нысан 60%-ға дайын: Риддерде көпсалалы медициналық мекеме ашылады
Фото: t.me/KZgovernment/

Бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы мен 200 төсек-орындық стационары бар медицина кешені Риддердің әр түкпірінде орналасқан және 80 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған ауруханының орнына салынуда. Емхана осы жылдың күзінде, стационар келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған денсаулық сақтау ұйымы бүгінде қаладағы жалғыз ұйым болып саналады.

Жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2, нысан 60%-ға дайын. Шатыр төсеу және терезе орнату жұмыстары 100%, инженерлік желілер (жылыту, су құбыры, кәріз) бойынша 85% орындалды. Қазіргі уақытта ғимараттың іші мен қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Медициналық кешен сараптамалық деңгейдегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылып, білікті мамандармен қамтамасыз етіледі. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов медициналық инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін және бұл – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. 

«Қаржыландыру мәселелерін шешетін боламыз. Әкімдік қаражаттың сапалы әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс. Ұзаққа созбай, жұмыс қарқынын арттырып, нысанның «сақалды құрылыстар» тізіміне өтіп кетуіне жол бермеу керек. Тұрғындар барлық медициналық қызметтерді осы жерде алуы үшін аурухананы қажетті техникамен жабдықтау керек. Біз халықтың ақылы медицинаға жұмсаған шығындарын азайтуға тырысуымыз қажет. Азаматтардың қажеттіліктерін қолданыстағы МӘМС жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жабуға тырысу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары