$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2020, 01:48
Жаңалықтар

Атырау облысында карантин режимі жеңілдетілді

Жұмысты қайта бастайтын нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттеледі

Атырау облысында карантин режимі жеңілдетілді
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданып, бірқатар нысандар жұмысын қайта бастайтын болды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Енді өңірде азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерімен қоса ауылшаруашылық техникалары, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар және тұқымдар сататын дүкендер де ашылады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын жалғастырады. 

«Құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері мен көлік, қойма, ауылшаруашылық қызмет көрсету саласындағы компанияларға қызметін қайта бастауға рұқсат етілді. Сондай-ақ, автосалондар, қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиналарға қызмет көрсету, авто бөлшектер сататын дүкендер, химиялық тазартқыштар, тұрмыстық және оргтехниканы жөндеу және  нотариалдық қызметтер мен штаттың 50% -ы рұқсат етілген екінші деңгейдегі банктер де қызметін жалғастырады.  Бұдан бөлек, 21-00 сағатқа дейін жеткізу қызметі бар тамақтандыру орындары жұмыс істейді», - делінген қаулыда 

Дегенмен, бұл нысандар жұмысты қайта бастау үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға міндеттеледі.

Серіктес жаңалықтары