Заңға «сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер» жаңа ұғымы енгізілді
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни, 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң шеңберінде Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар енгізіледі және «сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер» деген жаңа ұғым енгізілмек.
Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:
ҚК-нің 134, 308 және 309 және ҚР ӘҚБтК-нің 450-баптары бойынша ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар Заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылды.
Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталды.