17.07.2024, 13:11
Жаңалықтар
Талғарда жасөспірімдерге арналған футбол академиясы ашылды
Мұнда 15 жасқа толмаған балалар жаттығады
Қазақстан футбол федерациясының Талғар қаласындағы базасында футболдан жасөспірімдер құрамасының Ұлттық академиясы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылы ФИФА-мен келіссөздер жүргізген. Осы келіссөздер аясында аты аңызға айналған футбол жаттықтырушысы Арсен Венгердің жетекшілігімен ҚФФ Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Жоғары өнімділік департаментімен серіктестік орнатқан.
Ал ашылып отырған Академияда іріктеуден өткен ең мықты 25 бала жаттығады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы