$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында заңсыз темекі өнімдерін сатқан күдікті ұсталды

Ұсталған адам өз еркімен 400 келі «насвай» және 1000 қорап «снюс» тапсырды

Алматы облысында заңсыз темекі өнімдерін сатқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

«Стоп-алаяқ» жедел профилактикалық іс-шара барысында Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының  қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын - «насвай» және «түтінсіз темекі өнімін» — белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді», — деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.

Күдіктіден жауап алу үшін аудандық полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адам өз еркімен 400 келі «насвай» және 1000 қорап «снюс» тапсырды.

Серіктес жаңалықтары