Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мансабындағы ең үлкен көрсеткішке қол жеткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол алғаш рет WTA рейтингінде отыздыққа енді

Фото: ktf.kz

«Уимблдон» турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.

Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл  Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш.

Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.