17 шілде күні телеарналар мен радиоларда профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ел аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

Фото: istockphoto.com

Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

«2024 жылдың 17 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.