Оның магнитудасы – 3,7
ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жедел мәліметінше, Астана уақытымен сағат 04:41-де Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Эпицентр координаттары: 49,10 градус с.е., 85,92 градус ш.б. Mагнитудасы mpv=3,7.
Энергетикалық классы K=9,7. Тереңдігі h=13,5 км.