NEOS авиакомпаниясының рейстері ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner-де орындалады
Елорданың халықаралық әуежайы NEOS Милан - Астана әуекомпаниясының жаңа рейсін іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
13 шілдеде Италияның Қазақстан республикасындағы елшісі Альберти Марко мен ҚР КММ Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Әділет Көбеновтың қатысуымен рейстің салтанатты ресми ашылуы өтті.
«Іс-шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуын ынталандыратынын атап өтті»,-делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жаңа рейстің ашылуы туризмді дамытуға және елдер арасындағы мәдени және іскерлік байланыстардың нығаюына ықпал етеді деп күтілуде.