Өрттің себебі анықталып жатыр
Бүгін Талдықорған қаласында жеңіл автокөліктің мотор бөлшектері өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
«Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз!» – делінген хабарламада.