Астанада бір мезетте екі монша өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада монша кешенінде өрт шығып, екі бірдей монша өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына келгеннен кейін монша кешенінің аумағында екі моншаның өртенгені анықталды. Құтқарушылар күшімен өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.