Жетісу облысында қайықта қалған адамдар құтқарылды
Алакөлде қайығымен жағаға жете алмай қалғандар құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Ақши ауылында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым қашықтықта 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізді.
«Олар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан қайтып келе алмаған. Медициналық көмек қажет болмады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің жауапкершілігіңіз!» – делінген хабарламада.