Астанада гараж көлігімен бірге өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Елордалық өрт сөндірушілер гаражда болған өртті сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада жеке тұрғын үйде гараж көлігімен бірге өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Алматы ауданының жеке тұрғын үй аумағында болды. Аулада орналасқан гараж бен жеңіл автокөлік өртеніп кетті. ТЖМ күштерімен өрт 50 ш.м. алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!» – делінген хабарламада.