Ресей азаматы 4 млн теңге тұратын майнингтік құрылғыны заңсыз жолмен алып кетпек болды

Azattyq Rýhy

Одан майнингтік жабдықтар тәркіленіп, 55 мың теңге айыппұл салынды

Ресей азаматы 4 млн теңге тұратын майнингтік құрылғыны заңсыз жолмен алып кетпек болды
Көрнекі фото: ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

Ресей азаматынан майнингтік құрылғы тәркіленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облыстық сотында майнингтік жабдықтарды лицензиясыз экспорттау фактісі бойынша 2 әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 463-тармағының 1-бөлігі).

Жоғарғы сот мәліметінше, майнингтік жабдықтар (биткоин өндіруге арналған майнингтік сервер) заң бойынша ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында екі мақсатта пайдаланылатын тауарларға жатады. Оны әскери мақсатта да қолдануға болады.

Осыған байланысты мұндай жабдықтың экспортын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы лицензия алу арқылы мемлекет бақылайды.

Сот мынандай заңсыз әрекеттерді анықтады: 

«Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанда шамамен 4 миллион теңгеге майнинг жабдықтарын сатып алып, оны уәкілетті органдардың лицензиясын алмай-ақ шетелге шығаруға тырысқан.

Осы әрекеттері үшін аудандық сот ресейлік азаматты ӘҚБтК-нің 436-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартты. Одан майнингтік жабдықтар тәркіленіп, оған 55 мың теңге айыппұл салынды.

Айыппұлды төлегеннен кейін құқық бұзушы сот қаулысының тәркілеу туралы бөлігіне апелляцияға шағымданды. Ол қаулының күшін жойып, тәркіленген тауарды кері қайтаруды сұрап, оған тиісті лицензия алуға уәде берді», – делінген хабарламада.

Апелляцияның шешімі төмендегідей болды. 

  • майнинг жабдығының экспорты ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын әрі екі мақсатта пайдаланылатын ерекше тауарларға жататынын;
  • ресейліктің жабдықты тек экспортқа шығару мақсатында сатып алғанын, оның Қазақстан Республикасында тұрмайтынын, тіркеуде жоқ екенін назарға алды.

«Жоғарыда айтылған мән-жайларды ескере келіп, алқа бірінші сатыдағы сот қаулысының тәркілеу бөлігінің күшін жоюға құқықтық негіз таппады. Сондықтан шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сол негіздер бойынша басқа азаматқа қатысты басқа іс бойынша қаулы да өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулылар заңды күшіне енді», – деп хабарлайды Жоғарғы сот.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.